Мендыбай Нұрым «Арна» Көкшетау жоғарғы колледжінің түлегі,бүгінде Абай Мырзахметов атындағы Университетінің 4-курс студенті.
Осы аталған колледжінің оқытушысы тарих ғылымдарының кандидаты Ахметов Алибек Қанапияұлының жетекшілігімен диплом алды іс-тәжірибеден өтті. Іс –тәжірибеден өту барысында өзін жақсы қырыннан көрсете білді. Колледж қабырғасында «Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты» атты тақырыпқа ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін «көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриатат», «диаспора», «ирридента» ұғымдарын студенттерге жеткізу болатын. Міне осы тұрғыдан келгенде, Мендыбай Нұрым тақырыпты жан-жақты аша отырып, аталмаш ұғымдарға жеке-жеке тоқатала отырып, әр ұғымының көші-қон саясатянда алар орнын ашып берді. Өзіндік ойы, көзқарасы бар және оқушылар алдында өзін ұстауы, ұқыптылығы, жан жақтылығымен ерекшеленді. Ашық сабақ жалпы пәндер онкүндігінің аясында өткізілді.