Текст
2025 жылғы 4–6 сәуір аралығында карате-до Шотоканнан Әлем кубогы өтті, оған әлемнің 12 елінен 700-ден астам қатысушы жиналды.
Көкшетау жоғары колледжі “Арна” студенттері — Жақсылық Әдемі мен Келдібекова Карина — еліміз бен өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, аталмыш жарыста жүлделі орындарға ие болды.
Чемпиондарымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын спорттық жеңістер тілейміз!