"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«9 мамыр Жеңіс күні» қарсаныңда

02.05.2018

      Көкшетау жоғары «Арна» колледжінде «Ұлы Отан соғысы  батырлары» атты ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабаққа «Бастауыш білім беру» мамандығының  1 курс  студенттері қатысты. Сабақты мұғалім кіріспе сөзінен бастады. Сабақтын мақсаты: Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.

Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Оқушылардың сабаққа жақсы дайындалғаны көрінді. Ғарифолла Айжан, Даниял Сәулегүл, Капарова Махаббат баяндама жасады.   Оқушылар топ болып кластерді де жақсы қорғады.

  Ашық сабаққа кірген мұғалімдер өтілген сабаққа жақсы деген баға берді. Сабаққа қатысқан оқушылар тиісті бағаларын алды.

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст