Текст
2025 жылғы 29 сәуірде Ақмола облысы Білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Мен кәсіпкермін» республикалық Гранд турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Аталған турнирдің «өндіріс» санаты бойынша Көкшетау жоғары колледжі «Арна» ДО-32-О тобының студенті Прокопьева Мариям жүлделі бірінші орынды иеленді. Жобаның жетекшісі – Мұхамеджанова Алмагүл Нұрмұханбетқызы.