Текст
Сайлаушыларға 1-4 курс студенттері, кураторлар және колледж оқытушылары жатады. Президенттікке кандидат ұсыну құқығы 1-4 курс студенттеріне беріледі. Колледж президенттігіне кандидаттарды өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі бар.
Сайлау жалпы, тең және тікелей сайлау құқығына негізделген жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Колледж президенттігіне кандидат: • Колледждегі қолданыстағы ережелерге, жұмыс жоспарына және т.б. сәйкес сайлау бағдарламасын әзірлеуі керек; • Кандидаттың фотосуреті, түйіндемесі және бағдарламасы бар ақпараттық парақ ұсынуы қажет; • Моральдық-этикалық нормаларды сақтауы тиіс; • Сайлау күні және сайлаудан бір күн бұрын ешқандай агитациялық іс-шаралар жүргізбеуі керек.
Дауыс беру сайлау күні өткізіледі.