30.01.2026
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында
«Арна» Көкшетау жоғары колледжінің 2-курс студенттерімен
«Деструктивті псевдодіни ағымдар қызметінің қауіптілігі, мәні және көрініс табу формалары» тақырыбында адресатталған профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шараны Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ИРР бөлімінің басшысы Манатова С.А. өткізді.
Ақпараттық-түсіндіру дәрісі барысында:
жастардың патриоттық санасын қалыптастыру,
діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу,
конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтың маңыздылығы,
деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Мұндай кездесулер жастардың саналы, жауапты әрі қауіпсіз болашағын қалыптастыруға ықпал етеді.