19.03.2026
Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында педагог-психолог Ерғалиева Ш.К. студенттермен тұлғалық жаңару мен даму тақырыбында мазмұнды тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі тануға бағытталған маңызды сұрақтарға жауап іздеді:
«Осы көктемде мен өзімде нені өзгерткім келеді?»
«Реніштерді жіберіп, жаңа парақтан бастау»
«Жаңа мақсаттар — жаңа мүмкіндіктер»
Жұмыс барысында студенттер:
өздерінің ішкі ресурстарын анықтады
жағымсыз ойлар мен эмоциялардан арылу жолдарын қарастырды
болашаққа нақты мақсаттар қойды
Тренинг ашық әрі қолдау көрсететін атмосферада өтіп, әрбір қатысушыға өзін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл кездесу студенттердің тұлғалық әлеуетін арттырып, өзін-өзі дамытуға деген мотивациясын күшейтті.
Көктем — жаңару мен жаңа бастамалардың уақыты!