20.05.2026
Ганзен Алексей Викторовичті Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицей базасында өткен «Үздік әлеуметтік педагог» облыстық кезеңінде иеленген ІІІ орынмен құттықтаймыз!
Аталған байқауды Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды. Іс-шара өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған мамандарды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, тәрбие және білім алушыларды әлеуметтік қолдау саласындағы заманауи тәсілдерді таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Байқау қорытындысы бойынша Ганзен Алексей Викторович жоғары кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік дайындығын және өз мамандығына деген адалдығын көрсетті.
Бұл жетістік оның жоғары кәсібилігінің және білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің дәлелі болып табылады.
Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!