Текст
20.05.2026
Колледжде 1 курс студенттері үшін учаскелік инспекторлардың қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында жауапкершілік, қолданыстағы заңнама және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері қарастырылды.Студенттерге заңның негізгі нормалары мен баптары түсіндіріліп, қоғамдық орындарда және күнделікті өмірде тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Дәрісті өткізгендер:Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полициясының учаскелік инспекторлары Бекбулатова А.Г., Нысанбай Е.Б.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді
__________