"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі

26.09.2018

Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті - шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Сол мақсатпен «Арна» Көкшетау жоғары колледжінде 5-17 қыркүйек аралығында «Қазақстан Республикасының Тілдер күні» мерекесіне арналған апталығы өтті.

Аталмыш апталық аясында 06.09.2018 ж. «Өссе тілім мен де бірге өсемін» атты қазақ тілінен үлгі сабақ өтті. Шараны пән оқытушылары  Келес Б., Сванкулова А.Ж., Маямирова Т.Н. өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

          Сабақ 3 кезеңнен тұрды:

1.     Таныстыру

2.     Бәйге

3.     ХХІ ғасыр көшбасшысы

     Студенттер тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.  Нәтижесінде І орын иегерлері – «Ғибрат» тобы, ІІ орын – «Жалын», ІІІ орын – «Достық» топтары ие болды.

07.09.2018 ж. «Ағылшын тілі – Қазақстанның болашағы үшін», «Үштілділік – заман талабы», «Под единым шаныраком» атты тақырыпқа 1 курс студенттерімен шығарма сайысы өткізілді. Шығарманың қорытындысы: 1-3 орын иегері мақтау қағаздарымен марапатталды.

   Мастер-класс  «Қазақстан –татулық пен бірліктің ордасы» 

     11.09.2018 ж. орыс тілі пәнінің оқытушысы Е.Б.Бегайдаров «Қазақстан –татулық пен бірліктің ордасы» атты мастер-класс өткізді. Сабақ барысында Қазақстанның 130-дан астам ұлт өкілдері татулық пен  бірлікте, ынтымақтықта өмір сүруі туралы, әр ұлттың тілі – мәртебесі туралы ой қозғалды. Интерактивті әдіс тәсілдері қолданылды, сонымен қатар «Kahoot» бағдарламасымен жұмыс өткізілді.

«Тілдарын» олимпиадасы    «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 31-тармағын асыру мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 16.09.2018 ж. үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиадада 18-22 жас аралығындағы жастар қатысып, колледж намысын 3 курс студенттері Бреус Екатерина, Нефедова Александра қорғады. Олимпиадада студенттер өздерінің үш тілді меңгеруін, білімдерін көрсетті. Студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді

         Қазақстан халқы тілдер күніне байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл сайынғы «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кітапханалар және білім беру мекемелерімен бірлесіп, Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы жалпықазақстандық ашық диктант өткізуді қолға алды. Диктант жазу бір уақытта, яғни 20 қыркүйекте сағат 11.00-де мемлекеттік ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, қоғам қайраткерлерінің, студенттердің, мектеп оқушыларының және қалаған адамдардың қатысуымен өтті. Аталмыш шарадан «Арна» Көкшетау жоғары колледжі де қалыс қалған жоқ. Көкшетау қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен бұл шараға белсене ат салысты. Ашық диктант шарты бойынша әрбір білім беру мекемесінен үлгерімі жақсы 5 шәкірт жіберіледі. «Арна» Көкшетау Жоғары колледжінің үлгерімі жақсы 5 студенті де «Астана – бейбітшілік бесігі» атты ашық диктантта бақтарын сынады. Байқауға БМ-31 тобының 3-курс студенттері Төлебаева Гүлзат, Бекзан Аружан, Еслямбекова Армангүл, Ашубасар Фариза, Қиянбекова Индира және ӘЖ-11 тобының 1-курс студенті Ерғалиқызы Айдана қатысты. Диктант жазудағы басты ережелерді сақтап, өз білімдерін көрсетуге талпынған студенттер қауымына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Жалпықазақстандық Ашық диктант қорытындысын қатысушылар асыға күтуде. Ұйымдастырылып отырған шараның білім саласы үшін маңызы зор. Сондықтан Қазақстан  халқы тілдер күніне арнайы ұйымдастырылып отырған мұндай ауқымды шаралар алдағы уақытта көп болса екен деген ниеттеміз. Барша Қазақстандықтарға тілдер мерекесі құтты болсын!

Тілдер мерекесі 17.09.2018 ж. концерттік бағдарлама мен марапаттау рәсімімен аяқталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бугаева Т.И. студенттерді декаданың аяқталуымен, белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

     Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, Қазақстан Республикасының халықтарының тілін қадірлей білейік!

Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст