"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханадағы экскурсия

12.10.2018

Көкшетау қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  қазан айының сегізі күні «Арна» жоғары колледжінің СР-11 тобының студенттеріне экскурсия ұйымдастырды. Кітапхана қызметкері Ерубаева Айнаш Болатбекқызы студенттерімізді қарсы алып, кітапхананың әр бөлімінің қызметімен, оқырманның мүмкіншіліктерімен, кітаптар қоры және оны қолданудың тиімді жолдарымен толықтай таныстырып шықты. Әр бөлімдегі қызметкерлер топқа бөлім туралы кеңінен ақпарат беріп, оларды кітапханаға жиі келуге шақырды.

Экскурсия өте қызықты өтті. Заманауи жабдықталған кітапхана топ студенттеріне бірден ұнады. Оқырмандарға барлық мүмкіндіктер жасалғандықтан, студенттеріміз ерекше көңіл күйде кітапхананы аралады. Әсіресе, шет тілдерін үйренуге, өнер және әдебиет бөлімінен аспаптарды ойнап үйренуге, жақсы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндітер жасалғаны үшін қатты қуанды. Топ студенттері өнерге бейім болғандықтан әрі оқу үлгерімдері жақсы болғандықтан кітапханаға жасаған сапарлары қуаныштарын еселей түсті. Алдағы уақытта СР-11 тобы кітапханаға оқырман ретінде тіркеліп, жиі келуге уәде етті.

Кітапхана – кітаптардың ғана емес, рухани мұрамыздың, рухани байлығымыздың тұрағы екені баршамызға мәлім. Сондықтан, кітапхананың тұрақты оқырманы болып, рухани байлығымызды еселеуге асығайық.

Оқырмандарға көрсететін сапалы қызметі, заманауи ыңғайлы жабдықтары мен оқырмандарға тиімді мүмкіншіліктер жасағаны үшін М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымына алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 817


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст