Текст
2021 жылдың 8 қарашасында ақпараттық пәндер оқытушысы Нұрғасимова Нұргүл Елубайқызы ПМНО-22-С тобында "электрондық кестелерді құру" тақырыбы бойынша "Цифрлық сауаттылық"пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: электрондық кестелердегі мәселелерді шешу үшін әртүрлі деректер форматтарын қолдану.
Сабақта сыни ойлау элементтері бар проблемалық оқытудың педагогикалық технологиясы қолданылды.
Уақыт ұтымды бөлінген, барлық тапсырмалар орындалды. Сабақ қойылған мақсатқа жетті.
Қорытындылау барысында сабақ қызықты және танымды болып, студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндігін көрсетті