"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық олимпиадасының жеңімпаздары!

16.11.2018

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуі тиіс» деп мәлімдеді. Өйткені, әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде барлық елдер өздерінің білім жүйелерін қайта қарауда. Қазақстан өз дамуындағы жаңа тарихи кезеңге аяқ басты: үшінші жаңғыру алдымызға жаңа, үлкен мақсат қоюда. Бәсекеге қабілетті шәкірт – бәсекеге қабілетті ұстаздың жемісі екені сөзсіз. Ал ХХІ ғасырда ұстаз шәкіртке нені оқыту керек? Оқушыны өмір сүруге қалай дайындайды? Осы сұрақтар кез-келген мұғалімнің алдында тұрған көздеген нысанасына, биік мақсатына айналмақ. Бүгінгі ұстаздар кешегі «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынов пен «Дала қоңырауы атанған» Ыбырай Алтынсарин салған сара жолды жалғастырушы ізбасары екені даусыз. Осыған орай, елбасының адамзат капиталы сапасын жақсартуға бағытталған жыл сайынғы жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізбесіне енген «IQ college» жобасының аясында

«Urker mitec» зияткерлік орталығы колледж оқытушыларының арасында Ахмет Байтұрсынов атындағы І   республикалық педагогикалық қашықтық олимпиадасын қараша айының 8-і күні өткізді.

Аталмыш шараға «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің де оқытушылары қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетіп, жүлделі орындарды да қанжығалады. Оқытушылар олимпиада тапсырмаларын орындай отырып, түрлі жағдаяттар мен сауалдарға жауап берді, өзін толғандырған мәселелердің шешіміне де жауап іздеді. Шәкіртке берер білім мен тәрбиенің тізгінін ұстайтын ұстаздар қауымы олимпиада арқылы өзінің шығармашылық ізденісін де арттыра түсті. Ол өз нәтижесін де берді . Атап айтсақ, аталған колледж атынан олимпиадаға 13 оқытушы қатысып,  оның барлығы сертификатқа ие болды. Және 8 оқытушы жүлделі орындармен марапатталды. Олар: 3-орын иегерлері – Сванкулова А.Ж, Кульмагамбетова А.М, Келес Б, Кожахметова Г.У  және 2-орын иегерлері Пильник О.Я, Кудобаева Д.Е, Демисинов С.К, Сапар М.Е . Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отыра, ұстаздық жолында  талмай еңбек етуін, шығармашылық табыс және шәкірттерінің жетістіктері мен жеңістеріне куә болуды нәсіп етсін деп тілейміз! «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің оқытушылар қауымы Ахмет Байтұрсынов атындағы І Республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасын ұйымдастырған «Urker mitec» зияткерлік орталығына зор алғысын білдіреді. Себебі, оқытушыларға ұйымдастырылған бұл олимпиада колледж оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі мен кәсіби-педагогикалық қызметіне қажетті білім деңгейін, біліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұстаздарға шығармашылық ізденіс пен талпынысына тікелей жол ашады және білім сапасының жоғарылауына себепкер болады деген ойдамыз.

Просмотров: 1020


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст