Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де республика бойынша латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті.
Мақсаты – республика тұрғындарына жаңа әліпбиде таңба ғана ауысатынын, қазақ дыбыстары сол күйінде қалатынын түсіндіру, жазу дағдысына бейімдеу болды. Диктанттың тақырыбы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Мәтін 80-ге жуық сөзден тұрады. Бұл диктантқа мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, жекеменшік кәсіпкерлер, студенттер, оқушылар жалпы алғанда Қазақстанның әрбір азаматы ерікті түрде қатыса алды.
"Арна" Көкшетау жоғары колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері, студенттері белсенді түрде қатысты. Жалпы санын қамтығанда 500 адам қатысты.