Аккредиттеу – ЖОО-ның толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын-ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Әдетте, мәртебе беру («иә/жоқ» шешімі), құптау, және кейбір жағдайларда белгілі бір мерзімде жұмыс жасауға лицензия беру, осы процестің нәтижесі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу және сапа менеджменті жүйесі мәселелері бойынша нормативтік құжаттарымен танысу, жүйелеу және орындалуын қадағалау;
26.11.18 жылы Астана қаласында «Институционалдық және мамандырылған аккредиттеу теориясы, әдістемесі мен технологиясы» атты семинар-тренинг өтті. «Арна» Көкшетау жоғары колледж атынан Груздева К.В мен Маямирова Т.Н. семинар-тренингке қатысып сертификаттармен марапатталды.
Семинар-тренинг 2 бөлімнен тұрды:
1-бөлімі – теориялық білім;
2-бөлімі – практикалық тапсырмалар.
Семинар аясында оқытушылар аккредиттеу жүйесі мен жұмысы туралы жаңа мағлұмат ала отырып алған теориясын практикада жүзеге асыра алды. Тренинг стандартты түрден алшақтап еркін формада өтті. Қатысушыларды мазалаған сұрақтарға сарапшылар жоғары деңгейде жауап бере алды.