19.04.2022
2022 жылдың 15 сәуірінде "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің базасында колледждің 20 жылдығына арналған "Педагогикалық шеберлік: теория және практика" ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған колледждің 67 оқытушысы қатысты.
Аталған іс-шараның міндеттері:
1. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің басым бағыттары бойынша сындарлы диалог;
2. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмысын дамыту және жетілдіру;
3. Оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату;
педагог қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру,
инновациялық технологияларды қолдану.
Колледждің 5 оқытушысы өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсібиліктің жақсы деңгейін көрсетті. Биология пәнінің оқытушысы А.Б. Сабыржанованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. А. Зкриянованың баяндамалары ең әсерлі және мазмұнды болды.
Конференцияның барлық қатысушыларына сәттілік пен жетістіктер тілейміз.