2022 жылғы 15 қарашада "Арна" Көкшетау жоғары колледжінде "Студенттердің Көкшетау қаласының жұмыс берушілерімен кездесуі"диалог алаңы өтті.
✅Бұл іс-шараның мақсаты колледж бітірген түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұйымдармен тығыз байланыс орнату болып табылады.
✅Бұл іс-шараға барлық мамандықтар бойынша бітіруші курс студенттері қатысты.
✅Ұйымның жұмыс берушілері өз мамандықтарының артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді.
✅Диалог барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
✅Кездесу соңында колледждің шығармашылық тобы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ жұмыс берушілер Білім министрі А.Аймағамбетов пен Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіповтың алғыс хаттарымен марапатталды.