"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

"Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті"

29.12.2022

21 желтоқсанда Көкшетау қаласында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ақмола облысы колледждерінің студенттерін – WorldSkills Kazakhstan 2022 VII Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

✅Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Валерий Гамазов және Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов қатысты.

✅Валерий Гамазов пен Расул Сыздықов студенттер мен олардың тәлімгерлеріне ақшалай сертификаттар табыс етті.

✅"Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті" республикалық байқауының жеті жеңімпазы 50 мың теңгеге ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздар қатарында біздің колледждің студенті Репина Олеся бар. Құттықтаймыз!

Просмотров: 85


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст