Текст
✅Колледж студенттерімен Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Разия Талғатқызы Курсанова кездесу өткізді.
✅Ол студенттерге есірткіні тұтынудың жағымсыз әсерлері және заттардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік туралы айтты.
✅Дәріс барысында студенттерге есірткі заттарын тұтыну мен таратудан қандай жаза қолданылуы мүмкін екендігі, егер сіз есірткінің берілуіне куә болсаңыз не істеу керектігі, сондай-ақ есірткі заттарының жас ағзаға денсаулыққа тигізетін зияны туралы еске салынды.
✅Дәрістен кейін "сұрақ – жауап"режимінде тақырыпты талқылау жалғасты.