Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері Арна колледжіне барып, студенттермен кездесті. Кездесуде студенттерге Мемлекеттік қызметке кіру және сот органдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.
Осы кездесуде Ақмола облысы Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Данияр Сапарбек пен "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің директоры Динара Тәкенова ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес, департамент пен колледж кадрларды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде бірлесіп жұмыс істейді, сабақтар, студенттермен кездесулер өткізеді, оқу дәрістерін ұйымдастырады, емтихан комиссияларына қатысады. Сондай-ақ студенттердің практикадан өтуіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуіне, конференциялар, көрмелер, конкурстар өткізу кезінде әдістемелік материалдармен алмасуына жағдай жасау.
Департаменттің персоналды басқару бөлімінің басшысы Мадияр Бүркіт студенттердің жұмысқа орналасу талаптары мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы сұрақтарына жауап берді.