28 қыркүйекте Көкшетау жоғары «Арна» колледжінде 1 курс студенттерінің нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша полиция подполковнигі, Ақмола облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға тергеушісі Курсанова Разия Талғатқызымен кездесуі өтті. ️Іс-шараның мақсаты: жастар арасында есірткі заттарының таралуы және нашақорлықтың алдын алу, жастардың сабақтан кейін бос уақытын тиімді өткізу мәселесі төңірегінде студент жастарды біріктіру, сонымен қатар, жастардың әлеуметтік жарнамасын құру бойынша тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын ұстану. ️Кездесу интерактивті ойын форматында өтті. Оған қатысушылар жастар арасында нашақорлықтың таралуына қатысты статистика туралы жан-жақты мағлұмат алып, тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен бөлісті және осы мәселе бойынша колледж осы саланың мамандарвмен ынтымақтасуының алдағы жолдарын белгіледі.