"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу"

26.10.2023

20 қыркүйекте Көкшетау «Арна» жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Қ.Б.Қажымов «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске 1 курс студенттері қатысты. 🔹️Дәріс жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық санасын дамыту мақсатында өткізілді. Студенттер құқық бұзушылықтың не екенін және оның қылмыстан айырмашылығын, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын, кәмелетке толмаған кезде қылмыс жасаған адамдарға қандай жаза түрлері мен мөлшері қарастырылатынын білді. 🔹️Дәріс соңында студенттер барлық құқықтық бағыттағы сұрақтарына жауап алды.

Просмотров: 77


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст