"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Туған жерім – Қазақстаным»

06.11.2023

«Арна» Көкшетау жоғары колледжінде қазақ тілін және қазақ халқының ақындық өнерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастар арасында қазақы патриотизмді тәрбиелеу мақсатында жергілікті емес ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстан» атты жыр мүшәйрасы өтті. Қатысушыларға қазақ тілінде Отан туралы өлең оқу тапсырылды.
🔹Қазылар алқасының құрамына «Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері, ҚДМ белсенділері: Жылқайдарова Қымбат, Ислямша Алуа, Малгелдинова Даяна, Дюсенова Арайлым кірді
🔹Байқау нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталып, үш жеңімпаз атанды, оның ішінде:
🥇1 орын – Қасым Дария
🥈2 орын – Пепеляева Анастасия
🥉3 орын – Лембович Милана
🔹Қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
🔹Осындай байқаулардың арқасында өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылық, сол тілде сөйлеуге деген құштарлық жыл сайын артып келеді.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст