Текст
Жасөспірімдердің ерте жүктілік мәселелері туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын дамыту мақсатында 31 қазан күні Көкшетау «Арна» жоғары колледжінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздармен дәріс өткізілді. Дәріс барысында «Панацея» емханасының гинекологы ерте жүктіліктің алдын алудың негізгі шараларын айтты. Қарастырылған сұрақтар: Ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктіліктің қауіптілігі қандай? Ерте жүктіліктің алдын алу дегеніміз не? Ерте жүктілік - не істеу керек? Қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сонымен қатар көптеген жаңа және қажетті мәліметтерді білді.