Текст
02.11 «Арна» Көкшетау жоғары колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Гельманова бітіруші топтармен «Бірыңғай тестілеу -2024» тақырыбында кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 1-бабының 56-тармағына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін біліктілік емтихандарын тапсыру нысандарының бірі болып табылады.
3 және 4 курс студенттері 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін өткізу тәртібі мен мерзімі туралы толық ақпарат алды.