"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

спектакль"Абылай"

13.11.2023

Адамзат үшін театр – дәстүрлі өнер түрі. Ол мыңдаған жылдар бойы жеке тұлғаға жан-жақты әсер етіп келеді: ол әлемді түсіндіреді, адамдардың іс-әрекетіне эмоционалдық серпін береді, үлкен тәрбиелік рөл атқарады, сол арқылы қоғамда өмір сүруге қажетті қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.

🔹️05.11 күні «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттері Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында болды. Топ кураторларымен бірге «Абылай» спектаклін тамашалап, әртістердің ойынын жіті қадағаладық. Студенттердің біразы алғаш рет театрға келіп, өнердің жаңа түрін ашты. 🔹️Алдағы уақытта студенттер театрмен танысуды жалғастырып, басқа да қойылымдарға баруды жоспарлап отыр.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст