"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Облыстық пікірсайыс турнирінде 2 орын

05.02.2024

Оразбаев Расул мен Муравьева Полина қатысқан "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің "Ар-Намыс" командасын облыстық пікірсайыс турнирінде құрметті 2 орын алғанымен құттықтаймыз.
✅Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30-31 қаңтар аралығында жыл бойы балаларды сауықтыру негізінде колледж студенттері арасында Сандықтау ауылындағы «Жас дәурен» лагерінде облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
✅Турнирге 22 команда қатысты. Төрешілердің соңғы шешімі бойынша пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды, олардың арасында біздің колледж командасы орыс лигасында жүлделі 2 орынды иеленді.
✅Турнирдің негізгі мақсаты – қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру, қоғамда болып жатқан мәселелерді қоғамдық талқылау және талдау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, нақты мәселелерді шешудің жолдары мен тетіктерін қалыптастыру, дамыту және қолдау көрсету.

Просмотров: 125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст