Текст
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Жастар-ресурстық орталығы" МКК "НОВОПЭК" компаниясының базасында "Бос орындар жәрмеңкесін"өткізді.
✅Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты-жұмысқа орналасу, өндірістегі жұмысты көрсету, сондай-ақ ашық жұмыс орындары мен жастар үшін мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімелеу. Техникалық, химия-технология, экономика және маркетинг факультеті сияқты факультеттердегі ашық жұмыс орындары.
✅Іс-шара барысында кәсіпорын бойынша экскурсия, сондай-ақ өнімнің дәмін тату өткізілді.
Іс-шараға "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің электрмен жабдықтау мамандығының 4 курс студенттері қатысты.