"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Нашақорлық – қазіргі заманның өткір мәселесі»

22.02.2024

Оқушылардың санасында денсаулық ең маңызды әлеуметтік құндылық, ол өмір бойы қалыптасады деген түсінікті бекіту мақсатында, есірткінің адам денсаулығына зияны туралы біліммен қаруландыру; тек салауатты өмір салтын ұстанатын студенттерге тұрақты көзқарасты қалыптастыру мақсатында Көкшетау «Арна» жоғары колледжінде «Нашақорлық – қазіргі заманның өткір мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

✅Дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.И.Бугаева жүргізді.

✅Спикер ретінде әртүрлі сала мамандары сөз сөйледі: 1. Ақмола облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы 2. Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы – Әлжанова Айгүл Төлегенқызы. 3. Аға ОЮП ОМП Көкшетау қаласы полиция майоры Сарбасова Сәуле Сапарғалиқызы 4. «Жастар рухы» Жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Ақмола облыстық мәслихаты депутатының көмекшісі – Мускина Маржан Мұратқызы. 5. Оңалту орталығының өкілдері

✅ Біз өскелең ұрпақтың кемелденгенін, жасөспірімдердің физикалық және рухани дамығанын, мақсатты, көңілді адам болғанын қалаймыз. Біз өскелең ұрпақ, біздің болашағымыз өз денсаулығын жақсартуды үйренсе дейміз. Олар есiрткiнi бiр-бiрiмен, қандай да бiр сылтаумен, қызығудан да, жолдастық сезімнен де пайдаланбағанын қалаймыз.

Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз. «Біз есірткіге «жоқ» дейміз!»

Просмотров: 1406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст