"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Физикадан ашық сабақ

15.12.2017

      Көкшетау қаласының «Арна» колледжінде жалпы білім беру бөлімінде «Жалпы білім беру» пәндері бойынша декада өтті. Осыған орай  15 – желтоқсанда физика сабағынан «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс

оқушыларымен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың тақырыбы «Жылу мөлшері» болды. Сабақтың барысында оқушылар белсенділігін танытып, өз білімдерін көрсете білді.

Ашық сабақ барысында бірінші курс оқушылары өздерін жақсы жағынан көрсетті. Атап айтсақ: Жукен Райымбек, Сейітжанов Нұржан, Серікбай Айдана, Даниял Сәулегүл, Жарқынбаева Аружан, Мақсат Айсара жақсы жақтарынан көрсетті. Аталған оқушылар есептер шығаруда өте жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, сабақ барысында оқушылар төрт топқа бөлініп, сабаққа жарыса қатысты. Ашық сабақта тәжірибе жүргізіліп, тәжірибенің нәтижесін шығарды. Сабақ соңын физикалық диктантпен және бағалаумен қорытындылады.

Сабақтың қорытындысы бойынша жақсы деген баға алынды.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст