Желтоқсанның 11 жұлдызы күні «Бастауыш білім беру» 1 курс тобының оқушылар арасында «Географиялық алаң » атты интеллектуалды ойыны өтті. Ойынның барысында әр түрлі тапсырмалар болды оның ішінде: географиялық лабирнинт, жылдам сұрақтарға жауап, атласты қолдана отырып елді анықтау, картаға шығып географиялық обьектілерді табу т.б жаттығуларды қызығушылықпен орындады.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу ,оған жету жолдарын түсіндіріп, өз Отанын сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
«Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері өте белсене қатысып өз білімдерін сынап көрсете білді. Соның ішінде өте белсенділік көрсеткен: Жукен Райымбек, Сейтжан Нұржан, Мақсат Айсара, Бопашева Жансая, Даниял Сәулегүл.
Біздің оқушылар- біздің болашағымыз. Болашақ -жас ұрпақтың қолында. Болашақта осындай білімді оқушылардың арқасында ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге сенімдіміз!!!