2011 жылдың желтоқсан айының 10-шы жұлдызында ҚР Парламентінің Сенаты «ҚР мерекелер туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні есебінде белгіленіп, бұл күн мемлекеттік мерекелер санатына енгізілген болатын.
Біздің колледж 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш президенті күні қарсаңында «Елін сүйген - Елбасы» атты ақпараттық сағат және кітап көрмесін ұйымдастырған болатын.
Іс-шарамыз Мемлекеттік әнұранмен ашылып, бірінші курс студенттерінің өздері және танымал ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқумен жалғасты.
«Елін сүйген-Елбасы», «Биография и трудовой путь Н.А.Назарбаева» баяндамалары оқылды. Әрі қарай колледжіміздің ардагер ұстазы Алпысбаева Зайраш Қадыровна атаулы мерекемен әріптестерін құттықтады.
Н.Ә.Назарбаев туралы сюжетті жиналған қауым қызыға да мақтана қарап шықты. Ақпаратты сағатымыздың соңын 3 курс студенті, колледжіміздің мақтанышы, әншіміз Меңдібай Нұрым «Туған ел» әнін орындап, жақсы көңіл –күймен аяқтады.