"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»

17.04.2017

15 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірлерінде жастар арасында «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күні» аталып өтті.   «Ғашықтар күні» туралы идеяның тарихы негізінен тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылдары қазақ тілді БАҚ-тар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді махаббат символдарының құрметіне белгілі бір күнді мереке ретінде тойлау туралы бастама көтерілді. Осыдан 2-3 жыл бұрын «Жас Алаш» газеті 11 наурыз бен 19 мамырды сәйкесінше «Қозы Көрпеш күні» және «Баян сұлу күні» деп белгілеп, жұртшылық біраз дүрлігіп, басылды. 

Көкшетау қаласы да бұл күнді тойлаудан тыс қалған жоқ. 13.04.17 күні «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мерекесіне орай «Достар» мәдениет сарайында өткен «Махаббат аялдамасы» атты іс-шараға колледжіміздің намысын қорғап, «Талантты жұп» номиннацисына ие болған – Бекен Тілекбек пен Молғаждар Жұлдызай.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1-    кезең:Таныстыру, бұл кезеңде біздің сайысушыларымыз екі ғашықтың аялдамада қалай кездесіп, ғашық болғандығын көрсетті;

2-    кезең: Өз өнерлерін ортаға салу: Тілекбек пен Жұлдызай талай ән сайыстарына қатысқан, сондықтан бұл кезеңде өздерінің ән айту талантын ортаға салған;

3-    кезең: Кез-келген әдеби шығармадан екі ғашықтың образын сомдау болды. Біздің жұп қазақ әдебиетінде елеулі орын алып жатқан «Еңілік-Кебек» поэмасының қысқаша сюжетін көрсете отыра өздерінің актерлік шеберліктерін танытты.

Әділ қазылар алқасының айтуы бойынша, аталған кеш жоғарғы деңгейде өтіп, өзінің тақырыбын толықтай аша білді.

Сүймегендер – аянышты пенделер, 

Ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып. 

Арбамайды жүрегімде өзге өлең, 

Меңреу жан ғой махаббатты сезбеген, 

Ғашықтықтан туды менің бар жырым, 

Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен. 

Бұл өмірде досым бар, дұшпаным бар, 

Мені ылғи да бақыттыға қосыңдар. 

Ғашық күнім ашық күнім ол менің, 

Ғашық емес кездерімнен шошыңдар. 

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст