"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Күш білімде, білім – кітапта»

28.03.2017

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы-тарихи маңызы, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат. Себебі, бұл Жолдауда  елімізді одан әрі дамыту, әрбір отбасының, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау жолдары нақты атап көрсетті. Елбасымыз өз Жолдауында «Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылатынын» атап көрсетті. Адам факторы пәрменін арттырудың бірден-бір құралы – оқу, білім алу. Бұл тұрғыда нәтиженің жемісті болмағы, алдымен ұстаздарға, оның білім-білігіне, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруындағы шеберлігіне, келешегіміз жастардың әлеуетін арттыру амалдарын игеруіне тәуелді екенін мойындаймыз.

14.03.17 күні «Арна» Көкшетау колледжінде қазіргі қазақ тілі пәні бойынша ББ-11 тобында «Күш білімде, білім – кітапта» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты Оқушылардың Отанға, туған тілі – қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Сабақта осындай әдістер қолданылды: сұрақ-жауап ,ауызекі сөйлеу, сергіту сәті, түсіндіру, іздендіру. Сабақта көп жұмыстар жүргізілді: ҚР Конституциясы мен ақын-жазушылар, Отанымыздың тарихы туралы көп сұрақтар қойылды. Студенттер сабақта жақсы жұмыс істеп, көптеген жаттығулар мен тапсырмаларды орындады. Сабақтың тәрбиелік мақсаты орындалды.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст