Колледж қабырғасында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты XXI ғасыр көшбасшысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға «Бастауыш білім беру» мамандығының екінші және үшінші курс студенттері белсене ат салысты. Өз мамандықтары бойынша барлық білімдерін ортаға салып, ұтымды ой айта білді. Іс-шара төрт кезеңнен тұрды. Олар:
1.Бәйге
2. Полиглот
3. Дода
4. Сөз тапқанға қолқа жоқ
Әрбір кезеңнін соңында ең аз ұпай жинаған қатысушылар ойыннан шығып отырды. Іс-шара соңында суырылып алға үш ойыншымыз шықты. Олар Мырзатаева Сұлухан, Қамбарова Маржангүл, Умурзак Нуржамила. Осы қатысушалар арасында соңғы кезеңде педагогикалық-психологиялық мәселелер талқыланды. Ең ұтымды да, мағыналы ой айта алған «Бастауыш білім беру» мамандығының үшінші курс студенті Мырзатаева Сұлухан жүлделі 1-ші орынды иеленді. Екінші және үшінші орынды «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері иеленді. Іс-шара жүлдегерлері марапаттау рәсімімен аяқталды.