"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті

31.05.2024

"Біртұтас тәрбие" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Арна" Көкшетау жоғары колледжінде Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, майдангер, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференция өтті.
✅Конференция "Сағадат" әнін орындаудан басталды. Студенттер өмір жолы, оның Ұлы Отан соғысы жылдарында жасаған игіктері, жас офицерлерді әскери тәжірибеге үйретудегі сіңірген еңбегі, Қазақстан армиясын құру, оның естеліктері туралы әңгімеледі.
✅Іс — шараға "Қазақ халқының құрметті ұлы-Сағадат Нұрмағамбетов" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс туралы кітаптар ұсынылды.
✅Іс-шара слайд – презентация көрсетілімімен және "Кеңес Одағының Қазақстандық Батыры-Сағадат Нұрмағамбетов" бейнефильмімен сүйемелденді.
✅Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге қарым-қатынастың танымал формасы және қоғамды сіңірген лайықты азаматтың сапасын тәрбиелеу арқылы көрсету болды.

Просмотров: 2138


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст