"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«12 сәуір - Халықаралық авиация және космонавтика күні»

13.04.2018

Көкшетау қаласының жоғары «Арна» колледжінде «12 сәуір - Халықаралық авиация және космонавтика» күніне орай физикадан ашық сабақ өтті. Бұл ашық сабаққа «Бастауыш білім беру» мамандығының  1 курс оқушылары қатысты. Сабақты мұғалім кіріспе сөзінен бастап, оқушыларды үш топқа бөлді. Ашық сабақ бес

кезеңнен тұрды.

1.   Әр топ өз тобының атын қорғау.

2.     Баяндама.

3.     Векториналық сұрақ.

4.     Видеоролик бойынша сұрақтарға жауап беру.

5.   Кластер қорғау.

     Оқушылардың сабаққа жақсы дайындалғаны көрінді. Ғарифолла Айжан, Даниял Сәулегүл, Капарова Махаббат баяндама жасады.                                                               

Векториналық сұрақтар және космонавтикаға арналған видеороликтегі сұрақтар бойынша Сейітжанов Нұржан, Жарқынбаева Аружан, Серикбай Айдана, Бопашева Жансая, Амангельдинова Наргиз өте жақсы жауап беріп, ғарыш туралы білімдерін көрсетті. Оқушылар топ болып кластерді де жақсы қорғады.

       Ашық сабаққа кірген мұғалімдер өтілген сабаққа жақсы деген баға берді. Сабаққа қатысқан оқушылар тиіст бағаларын алды.

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст