"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Рухани жағыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруға арналған дөңгелек үстел

12.11.2020

2019 жылдың 6 қарашасында «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қоры жоғары курс студенттерінің қатысуымен Көкшетау «Арна» жоғары колледжінде дөңгелек үстел ұйымдастырды. Барлығы 30-дан астам адам қатысты Дөңгелек үстелдің мақсаты - жастарды «Рухани жағыру» бағдарламалық мақаласын талқылау және іске асыру. «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының өкілі Динара Тасыбайқызы Какпенова құттықтау сөз сөйледі.

Әрі қарай, Ақмола облысының «Рухани жағыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сейтқазин Қайрат Ниязбекұлы «Рухани жағыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, студенттерге кеңінен тоқталды.

М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорының ғылым жөніндегі орынбасары Дана Рахатқызы Көбелекова бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік, білімге табынушылық тақырыбында әңгімелеп, осылайша дөңгелек үстелге қатысушылармен қызықты диалог құрды.

Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін білдірді және осылайша бағдарламалық мақалаға қызығушылық танытты Соңында белсенді қатысушыларға «Рухани жағыру» фирмалық дәптерлері ұсынылды.

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст