Текст
22 қазанда Көкшетау жоғары «Арна» колледжінде бірінші курстың жас студенттері үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді. Студенттермен келесідей сөз сөйледі: Көкшетау қ. БЖБ ОЮП ОМПС аға инспекторы Көшкенова А.О. Маман студенттерге коменданттық сағатты сақтау қажеттілігі туралы, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы, заңға қайшы әрекеттер жасаудың себептері мен салдары туралы айтып берді, жазаның болмай қоймайтындығына баса назар аудара отырып, жастар жасаған құқық бұзушылықтарға мысалдар келтірді. Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.