"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

«Жалпыадамзаттық құндылықтар күні»

24.11.2020

«Жалпыадамзаттық құндылықтар күні»

қарсаңында қараша айының 23-і күні «Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол» атты сынып сағаты өткзілді.

Мақсаты: студенттерге қазіргі кездегі маңызды жалпыадамзаттық құндылықтарды жеткізу: сүйіспеншілік, достық, өзара түсіністік, айналадағыларға қамқорлық, ата-анаға, отбасына, некеге, татулыққа құрмет.

НО- 11 тобында Адами құндылықтар күніне арналған іс-шаралар аясында сынып сағатын өткіздік. Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мысалы, философияда құндылық дүниедегі обьектілердің ерекшеліктерін адам мен қоғамға, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсетету (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсемдік пен көріксіздік) үшін қолданылады. Студенттермен жалпыадамзаттық құндылықтар неліктен абсолютті, адам өмір сүру ағашы дегеніміз не және құндылықтардың қандай аспектілері бар екендігі туралы сұрақтар талқыланды. Практикалық блокта студенттер жалпы адамзаттық бес құндылықтың әрқайсысын кіші құндылықтарға талдады. Студент Марал Дильназ мысал келтірді, ал қалған қыздар оған түсініктеме беріп, алған әсерлерімен бөлісті. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру мақсатында оқушылармен  «Сүйіспеншілік- адамның басты қасиеті, ақиқат –оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбын талдап, бейне ролик, әңгімелесулер, презентация жүргізілді. 

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст