Текст
Жалпы білім беру пәндері 10 күндігі аясында 31 наурыз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Баязитованың "Туризм саласы: өткені мен бүгіні" тақырыбында ЧС-13 тобымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: студенттерге Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы:проблемалары мен даму болашағы туралы ақпарат беріп, осы арқылы Отансүйгіштікке, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында студенттер жаңа тақырыпты оқытушының көмегімен жеңіл игеріп, тапсырмаларды жақсы орындады. Сабақта студенттердің дайындығы, білімдері жан-жақты көрініс тапты.