"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі

08.04.2021

Жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі аясында 26 наурызда ағылшын тілі оқытушысы К.А. Жұмабекова есеп және аудит мамандығы бойынша оқитын УА-12 тобында "Using memory techniques"тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ АКТ технологияларын, сыни ойлау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы өтті. Студенттер есте сақтау техникасын қолдану әдістерімен танысты, бұл шет тілін үйренуде өте тиімді. Сабақтың мақсаты орындалды. Студенттер өте жоғары белсенділік танытты.

31 наурызда әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім алып жатқан СР-11 тобында ағылшын тілі оқытушысы С.Б. Балтакескен "Formal and informal writing"тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ АКТ технологияларын, сыни ойлау әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы өтті. Студенттер ресми және ресми емес сөйлеумен танысты және шет тілін үйренуде өте тиімді болатын сөйлеуде қолданды.

31 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Б.Мурзалина  Ы. Алтынсарин "Таза бұлақ" әңгімесі  тақырыбында   ашық сабағы НО-22 тобында  онлайн режимінде өтті. Сабақта АКТ технологиялары, деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы қазақ тілін үйренуде өте тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білді.Студенттер  сабақта белсенділік таныта білді.

2 сәуірде Ағылшын тілі оқытушысы Н. О. Баймурзина НО-12 тобында "Sci-fi films"тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабаққа АКТ технологиялары, сын тұрғысынан ойлау әдістері мен тәсілдері қолданылды. Студенттер фильмдердің жанрларымен танысып, шет тілін үйренуде өте тиімді болатын ғылыми фильмдер тақырыбы бойынша ой-өрісін кеңейтті. Студенттер өте жоғары белсенділік танытты.

 

Просмотров: 136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст