Колледжде 15 сәуір күні оқытушы Т. Б. Сабитова орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: «Қазіргі әлемдегі театр және кино» бөлімі бойынша білімді жүйелеу және жалпылау. Сабақ барысында қазақ тілінде оқытылатын ПД-11 тобының 1 курс студенттері әлеуметтік-мәдени саланың жалпы ғылыми және арнайы лексикасы бойынша білімдерін көрсетті, сөздік қорын жаңа сөздермен және терминдермен толықтырды, көрнекті, мазмұнды постерлер қорғады.
Балалар өз жұмыстары мен курстастарының жұмысын өздері бағалады, сабақ соңында бағалау жариялады және түсініктемелер берді. Бағалау кезінде сөйлеу мазмұны, сөйлеу нормаларын сақтау, сөйлеудің эмоционалдылығы, ауызша және жазбаша сөйлеу сауаттылығы ескерілді.
Рефлексия жасалды: студенттер «Мен не білдім?», «Мен нені үйрендім?», «Қандай қиындықтар болды?», «Мен тағы не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап берді.
Сабақта оқытудың инновациялық технологиялары белсенді қолданылды.