"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Экскурсия

05.05.2025

ЭС-12 тобының студенттері 110/10 кВ “Глубокий Ввод” қосалқы станциясына және КПСЗ кәсіпорнына экскурсияға қатысты. Экскурсияның мақсаты — болашақ мамандарды энергетикалық нысандардың жұмысы мен қазіргі заманғы электр энергетикасында қолданылатын жабдықтармен таныстыру болды.
✅Сапар барысында студенттер қосалқы станцияның негізгі жұмыс принциптерімен, трансформаторлардың қызметімен, сондай-ақ қорғаныс және басқару жүйелерімен танысты. Кәсіпорын өкілдері электр энергиясын сенімді жеткізу мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық үдерістер туралы кеңінен баяндап берді.
✅КПСЗ-ға бару барысында студенттер электр жабдықтарын жобалау және өндіру үдерістерін өз көздерімен көріп, мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

✅Бұл экскурсия студенттердің кәсіби бағдарлануында маңызды кезеңге айналып, оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге септігін тигізді.

Просмотров: 615


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст