"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

Ата-аналар жиналысы

06.05.2025

26 сәуір күні колледжде ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Білім беру үдерісіне әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу.
Студенттердің жеке қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау бойынша педагогикалық ұжымның жұмысы».
✅Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
 1. Студенттер арасындағы жағымсыз көріністердің алдын алу – қазіргі қауіптер мен оларды болдырмау жолдары, қауіпсіз орта қалыптастырудағы отбасы мен колледждің рөлі талқыланды.
 2. Отбасының тәрбиедегі басымдығы. Рухани құндылықтар – отбасылық тәрбиенің маңыздылығы, дәстүрлерді сақтау және адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәселелері көтерілді.
 3. Студенттердің денсаулығын сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – физикалық және психоэмоционалдық денсаулықтың маңызына, сондай-ақ бұл бағытта отбасы мен колледждің бірлескен жұмысына ерекше назар аударылды.
✅Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары, бейжай қарамай, ынтымақтастыққа ұмтылғандары үшін алғыс білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз – біздің студенттерді тәрбиелеу мен дамытудағы маңызды ресурс.


 

Просмотров: 603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Ұйымдар тізімі
Текст