Текст
20.10.2025
«Арна» жоғары колледжінің студенттері ұстазы Жармұқанов Серік Ережепұлының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Бұл маңызды шара төтенше жағдайларда бірінші болып көмекке келетін, ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсететін құтқарушылардың мәртебелі еңбегін еске салды.
Осындай кездесулер жастардың жауапкершілік сезімін, өзара көмек пен елге қызмет етудің маңызын ұғындырып, құтқарушы болу – ерлік пен адамгершіліктің биік өнегесі екенін паш етеді. 
