11.11.2025
2025 жылдың 10 қарашасында біздің колледж студенттері Көкшетау қаласында өткен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық жиындарына қатысты.
Іс-шараны "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы "Жас сарбаз "балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы"РҚБ облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырды*.
🎯 Жиындардың мақсаты - жастардың бойында патриотизм, өзара сыйластық пен толеранттылық сезімін дамыту, дене шынықтыру мен зияткерлік дайындықты арттыру, сондай-ақ студенттердің шығармашылық және ғылыми-техникалық белсенділігін қолдау.
💪 Біздің студенттердің командасы тәртіпті, ұйымшылдықты және жеңіске деген ұмтылысты көрсете отырып, колледжді лайықты түрде таныстырды!
Біз қатысушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға оқуда, спортта және қоғамдық қызметте одан әрі табыс тілейміз! 🇰🇿