"АРНА"  КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ  "АРНА"

Жеке адамға қарсы қылмыс

 

  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРҒЫ    КОЛЛЕДЖІНДЕ ӨТЕТІН КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯға АРНАЛҒАН БАЯНДАМА

Казақстанда адам өлтіру дерегі көбейген. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, жеке тұлғаларға қатысты қылмыстың осы бір ауыр түрінің саны 18,3%-ға артқан. 2018 жылдың 6 айында 529 қазақстандық әлдекімнің қолынан қаза тапқан. Ал былтыр осы уақыт аралығында 477 адам мерт болыпты. Адам өміріне қастандық жасау дерегі де 61,7%-ға артқан. Егер 2017 жылдың 6 айында 42 адамды өлтіруге әрекет жасалса, биыл бұл көрсеткіш 68-ге жетіп отыр. Өзге өңірлермен салыстырғанда, қылмыстың барлық түрі бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары Алматы, Астана қалаларында және Түркістан, Алматы облыстарында жиі жүргізілген екен.

Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.

Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.

Мұндай қылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала аила әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесшде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады. Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс козғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.

 

Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әртүрлі болып келеді және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу, жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір жекеленген жағдайларда әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.

 

Қылмыскердің адам өлтіру үшін нақты бір тәсілді тандап алуына мынандай факторлар әсер етеді: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық дамуы, қылмыстың жасалу уақыты мен жері, оның ниеті мен мақсаты, қылмыскер мен оның құрбанының өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай-ақ басқа да жағдайлар.

Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:

әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын саду;

жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б. Сондай-ақ өміріне қауіп төндіретіндей (қыс мезгілінде ашық елсіз жерлерде оны жалаңаш. киімсіз тастап кету) жағдайларға душар ету.

жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;

жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік құралдарынан (поезд, автокөлік, теплоход) лақтырып жіберу;

жәбірленушінің организміне улы заттарды жіберу және т.б. Қылмыскер жекеленген жағдайларда өзінің кінэсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер құру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін таңдап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды қолдану арқылы тергеу барысында кездестіруге болады.

Алдын ала ойластырылып және жоспарланып жасалған адам өлтіру қылмыстары белгілі бір дайындықтар жасаудан тұрады: адам өлтіру үшін қылмыс құралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар қылмыстың ізін немесе оған өзінің қатысқандығын жасыруды қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Егер қылмыскердің қылмыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрылғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе басқа да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, қылмыскерлер - техникалық, медицинальің, химиялық, физикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді зерттеп оқиды.

Қылмыскерлер адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын (асханалық және жиналмалы пышақ, балға, балта, т.б.) заттарды, қылмыскердің қылмыс жасау үстінде қолына түскен оқиға болған жердегі кездейсоқ заттарды (тас, құбыр, темір кесінділері, бөтелке, т.б.) және басқа да қолдан жасалған әртүрлі суық қаруларды қолданады. Адам өлтіру кезінде қылмыскер атыс қаруларын қылмыс құралы ретінде - тік оқпанды, қолдан жасалған және жартылай қолдан жасалған (шиті мылтық, шолақ мылтық) қаруларды пайдаланады. Ал улы заттарды қылмыс кұралы ретінде пайдалану кезінде, олар көбінде жеке өндіріске қолданатын адам жүйкесіне күшті әсер ететін дәрі-дәрмек пен уландыратын қоспаларды таңдап алады. Адам елтіру кылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және басқа да жекеленген мән-жайларды куәландыратын, атап айтқанда: қылмыстың механизмін, құралын, оған қолданған тәсілдерді және қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-мақсаттарын, қылмыстың ізін жасыру әдістерін сипаттайтын әртүрлі іздер пайда болады.

Мұндай іздерге қылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқ киімінің іздері; көлік және бұзу құралдарының іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи биологиялық іздер (қан, ағза, сілікей және т.б.); адам өлтірудегі қылмыс құралын қоса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен, болмаса ляқтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, кебінде мәйітке, оның киімдерімен оған тығыз жақын жатқан обьектілерге шоғырланады. Жекеленген іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыскер қылмыс жасап болған соң, кеткен багыттарындағы жерлерде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесінен, киімдерінен, одан алынған қылмыс құралдарынан қылмыстың іздері табылуы мүмкін.

Қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасыру тәсілдерін тандап алуына қылмыс жасалатын жер (орын) және қылмыскер мен жәбірленушінің өзара арақатынас сипаты әсер етеді. Бұл жасалған әрекеттің сипаты мен кезектілігі қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер мен қылмыс жасау жағдайларына байланысты анықталады.

Жәбірленуші мен қылмыскер өзара таныс болмаған, болмаса олар кездейсоқ танысқан жағдайларда, қылмыс болған жер айыпкерге еш қатысы жоқ болған жағдайларда, адам өлтіру қылмысын жасап болған соң, олар оқиға болған жерден тезірек қашып кетуге тырысады. Олар қылмыс болған жерден тезірек кетуге мүмкіндіктер бермейтін кедергілерді алдын алу үшін өлтірген адамды, яғни мәйітті уақытша жақын маңға тығу әрекеттерін жасайды. Егер, мысалы: мәйіт түрғын үйде болса, оны сол үйдің жуынатын белмесіне болмаса дәретханасына, төсектің астына тығып жасырады, олардың үстіне көптеген киімдерді, төсеніштерді тастайды, кей жағдайларда оларды ертейді. Ал ашык жерлерде, алаңдарда - мәйітті ағаштың жапырақтарымен, шөпмен, құрылыс-қоқыстарымен және басқа да жақын жерде жатқан кездейсоқ заттармен жауып жасырып, канализация, подвал, op, шұңқыр сияқты бірден байқалмайтын жерлерге тастайды. Сонымен қатар қылмыскерлер өздеріндегі қылмыстың ізін жою шараларын жүзеге асырады. Олар: жуынады, киімдерін ауыстырады, жыртылған жерін тігеді, қан және басқа да дақ іздерін жуып тазалайды, жәбірленушімен арпалысқан сэттерде денелеріне түскен жарақаттарды жуып, дәрі жағып, таңып, болмаса үлпалап қылмыстың ізін жою шараларын жасайды. Қылмыскерлер кейбір жағдайларда қылмыс құралы мен оның ізін жою кезінде жалған алиби құруға тырысады. Мұндай кездерде, олар қылмыс жасалған күні немесе сол уақытта мен туысқанымның, досымның, танысымның үйінде, саяжайда т.б. жерлерде болдым немесе осы уақыттарды солармен бірге өткіздім деп жалған алиби құрып, туыстарын, достарын, т.б. жалған көрсетпелер беруге итермелейді. Егер қылмыскер мен оның құрбанының арасында - туыстык, достық, жыныстық (ашыналық) немесе басқа да тұрақты қатынастар, болмаса адам өлтірген жер айыпкердің жеке басына қатысты (тұрғын-үй, сая-жай, жеке гараж, жұмыс орны т.б.) болған жағдайларда жәбірленушінің өлімі туралы факт, яғни нақты бір жерден оның мәйітін табу жағдайлары нақты бір тұлғаға сезік келтіруге әкеп соқтырады. Мұндай жағдайларда айыпкердің адам өлтіру қылмысы іздерін жасыруы; өлім фактісін және қылмыс жасалған жерді жасыруға багытталған кешенді әрекеттерді жүзеге асырудан тұрады. Осындай мақсатпен мәйіттің көзі жойылады, мысалы: оны пешке өртеу немесе жасыру үшін басқа да тәсілдер қолданылады (оларды көміп тастайды, суға ағызып жібереді және т.б. оқиға болған жерлерден тыс немесе алые жерлерге, мәйітті сыйғызу үшін оны бөлшектейді, елсіз мекендерге апарып тастайды). Сонымен қатар, қылмыскерлер қылмыс жасалған жердегі іздерін жою шараларын жүзеге асырады. Олар пэтерлерін әктап, сырлап, обойларын, едендерін толығымен немесе жартылай ауыстырады, жиьаздарын, төсеніштерін және т.б. жуып, сүртіп, тазалап жөндеу жұмыстарын жасайды.

Адам өлтіру тәсілі мен мәйіттің денесіндегі жарақаттардың сипатына байланысты жәбірленушінің өлу фактісін жасыру мүмкін емес жағдайларда қылмыскерлер адам өлтіру қылмысын жасырудың басқа да әртүрлі тәсілдерін жүзеге асыру әрекеттерін ойластырады. Табылған мәйіттің денесіндегі жарақат басқа тұлғалардың күш қолдануы арқылы салынғандығын куәландыратындай жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмысы - шабуыл жасау, болмаса қатты жан-күйзеліс үстінде, сондай-ақ қажетті қорғаныс немесе абайсызда жасалған қылмыс сияқты инсценировка жасалады. Ал мәйітте мұлдай дене жарақаты болмаған жағдайларда қылмыскерлер әдетте жәбірленушінің өзін-өзі өлтірген, болмаса бақытсыз жағдайға душар болған сияқты күйге келтіріп инсценировка жасау жолымен қылмыстың ізін жасырады. Сонымен қатар, жәбірленушіні басқа адам өлтірді немесе ауру салдарынан, кәріліктен өлді деп инсценировкалау жағдайлары да өте жиі кездеседі.

Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға - айыпкер мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниет, сонымен қатар басқа қылмыстың ізін жасыру немесе оны жасау жолдарын жеңілдету жатады.

Нақты қылмысты, адам өлтіру қылмысын жасау ізін жасыру үшін қылмыскер алдын ала, күні бұрын арнайы дайындалып, өзінің және жәбірленушінің әрекетінің кезектілігін анықтап жоспарлап алады.

Жәбірленуші. Адам өлтіру қылмысын криминалистикалық сипаттауда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысын виктимологиялық аспекті тұрғысынан қарастыруға болады. Яғни, ол дегеніміз қылмыстың жасалуына, қылмыс құрбанының өзі себеп болады. Олар алкоголь ішімдіктерін кездейсоқ адамдармен бірге ішіп, мае болып кездейсоқ адамдардың немесе айналасындағы адамдарды балағаттап өздері тиісіп, соның негізінде ұрыс, жанжал, төбелес шығып, қылмыстың жасалуына бірден-бір себеп болады. Көбінде мұндай жағдайларда адам өлтіру бойынша жасалған қылмыстың жәбірленушісі ер адамдар болады. Ал әйел адамдары қылмыстың құрбаны болуына - жыныстық қатынас жасау, пайдақұнемдік ниет, сондай-ақ қызғаныштың пайда болуы себеп болады.

Қылмыскер мен жәбірленушінің жүріс-түрысында белгілі бір байланыс болады. Жәбірленушінің жеке басы мен оның өлер алдындағы мінез-құлқын жақсылап тексеру қажет.

Көп жағдайларда мұндай қылмыс құрбандарының мінезі - шайпау, ашуланшақ. жеңілтек-алаңғасар, сондай-ақ арандатып-азғырушылық қасиеттеріне бейім болып келеді. Бұл өз кезегінде қылмыскерлерге қарсы әсерін тигізіп, оның қылмыс жасауына әкеп соқтырады, бұл әрекеттер қылмыс механизімінен көрініс табады. Адам өлтіру қылмысын тергеу барысында тергеуші қылмыс құрбанының тірі кезіндегі мінез-құлқы мен оның жеке басы және жүріс-тұрыс тәртібі туралы мән-жайларды анықтап алулары тиіс. Бұл мән-жайлар (деректер) адам өлтіруге байланысты қылмыстың жасалу мақсаты мен ниеті, оны жасау механизмі туралы қажетті мәліметтерді (қылмысқа қатысушылар жөніндегі болжауларды тексеріп) анықтауға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда өзге тұлғаларға қарағанда өте қауіпті тұлғалар категориясы да кездесіп жатады, олар айналасьшдағыларға қауіп төндіре отырып, ақырында қылмыстың құрбаны өздері болулары мүмкін.

Қылмыскер. Адам өлтіруге байланысты қылмыстарды әдетте 18-бен 50 жас аралығындағы алкогольдік ішімдікке немесе нашақорлыққа құмар ер адамдар жасайды. Олар, қоғамдағы басқа тұлғалардан өздерінің: дөрекеліктерімен, қатыгездіктерімен, жыныстық құштарлығы жоғарлығымен, әйелдерді силамайтындығымен, бүрын қылмыстық жазаға тартылғандығымен ерекшеленеді. Тәжірибеде қылмыскерлердің арасынан психикалық аурулармен ауыратын адамдар да жиі кездеседі, олардың маскүнемдіктен немесе нашақорлықтан емделуге мұқтаж екендіктері көбінде тергеу барысында Нақтыналады. Берілген сипаттама өте тиімді, олар көпшілік жагдайларда жасалатын қылмыстар мен көшедегі кейбір пайдақүнемдік мақсатында жасалған қылмыстарды тергеуде ерекше орын алады.Оқиға болған жерді қарау барысында немесе мәйіт табылған жерден алынған қылмыстың жасалу тәсілі туралы мәліметтер жиынтығы қылмыскердің жеке басы және оның жәбірленушімен өзара қатынасының сипаты жөніндегі құрылған болжауларды тексеруге мүмкіндіктер береді.

Мәселен, мәйітті оңаша жерлерге көміп тастау, оны бүркемелеу (құммен, шөппен, жапырақтармен және т.б.), мәйітті немесе оның бөлшектерін суға ағызып жіберу, жәбірленушінің бетін адам көріксіз етіп бұзу әрекеттері, бұл мәйіт қылмыскердің жақын адамы (әйелі, туысы, досы және т.б.) екендігін жиі куәландырады. 5 және 17-ті жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді өлтіру қылмыстардың көбінде 10 мен 16-ты жас аралығындағы ер жыныстағы жасөспірімдер жасайды. Көбшілігінде олар жәбірленушінің досы, танысы болып келеді. Мәйітке әдеттен тыс айлаларды қолдану белгілері (мәйітті жалаңаштау, киімсіз қалдыру немесе оның киімін тығып тастау, жағуға жарамсыз заттарды қолданбақшы болып әрекет ету, мәйітті ұсақ белшектерге бөліп тастау) немесе мәйіттің денесіне сансыз көп жарақаттар салу белгілері қылмыскердің жүйке ауруымен ауыратындығын көрсетеді.Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында кездесетін әдеттен тыс жасалған әрекеттерді анықтау мәселесі өте күрделі болып табылады. Әсіресе арнайы әскери немесе қызметтік дайындықтан өткен, криминалистика және басқа да салалардан арнайы жоғары біліктілігі бар, интеллекті жоғары, кәсіпқой қылмыскерлердің әрекеттерін тергеу мәселелері аса қиын. Қылмыстық элемдегі осындай тұлғалар қажет болған жағдайларда жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының және ұйымдасқан топ болып жасалған қылмыстардың орындаушысы болып таңдап алынады. Сонымен қатар, Мұндай тұлғалар саяси қылмыстарды жүзеге асырады (орындайды). Олар көбіне қылмыс жасау кезінде өздерінің қылмыстық әрекеттерінің ізін қалдырмайды. Дегенімен де қанша-лықты айлақер қылмыскер болғанымен де қылмыстық әрекетінің ізін қалдырмауы мүмкін емес.

96-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот жүзеге асырады.  

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалған адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.  

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдануда қажеттілік болмай қалған не медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындауда қажеттілік туындаған кезде сот жүзеге асырады.  

4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда, сот мәжбүрлеп емдеуде болған адамға қатысты қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психоневрологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мЗаң шығарушы адам өлтірудің Бұл түрін кенеттен басталған қатгы жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінэлінің психикалық жай-күйі ин-стинктивті жэне сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің Бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік жэне түңілу эсері тэн болады. Жан күйзелісі жай-күйі негізінен аз уақытқа, эдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы эсердің салдарынан кенеттен пайда болады.

Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мүнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінэлі болған жағдайдың мэнін бірден түсінбегенде).

Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің 101-бабында мыналар көзделген: жэбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жэбірленушінің өзге де заңға қайшы немесе моральға жат эрекеті (эрекетсіздігі), жэбірленушінің үнемі қайталанып отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез-қүлқына байланысты туындаған психиканы зақымдайтын ұзаққа созылған жағдайлардың болуы соған тэн. Зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен жэне т.б. қорқыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жаса-луы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз ны-санда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң эдебиетінде мынадай пікір айтылады, өте ауыр балағаттау Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше бо-луы мүмкін емес. Ол Қылмыстық кодекстің 131-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сэйкес келуі де немесе сэйкес келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кем-сіту дэрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мүлда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс арда-геріне жэне соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін.

Автор:Сұлтан Жұлдыз

Страница создана: 28.05.2019 12:25
Страница обновлена: 28.05.2019 12:25

Список организаций
Текст