Текст
" />
08.12.2025
2025 жылдың 5 желтоқсанында Департаменттің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі, полиция майоры Бекзат Назарова «Арна» колледжінің волонтер-студенттерімен бірге Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы ММ ұжымымен профилактикалық іс-шара өткізді. Алаяқтық схемалардан қорғану жолдары, «дроппер» болмау шаралары, сондай-ақ Egov-Mobile қызметін қауіпсіз пайдалану мүмкіндіктері мен мерзімсіз несиеден бас тарту жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Іс-шара нәтижесінде волонтер-студенттер брошюралар таратты, сондай-ақ жұмыс чатында қызметкерлерді кеңінен ақпараттандыру үшін жаңа профилактикалық бейнероликтер жарияланды.



