Текст
24.02.2026
Құрметті студенттер!
23 ақпан мен 26 мамыр аралығында колледжде «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының колледжішілік кезеңі өткізіледі.
Барлық студенттерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл – өз жетістіктеріңізді көрсетуге, шығармашылық және кәсіби әлеуетіңізді ашуға, сондай-ақ республикалық деңгейде өзіңізді танытуға берілетін бірегей мүмкіндік.
Байқауға қатысу тәртібі мен шарттары туралы қосымша ақпаратты колледждің оқу-тәрбие бөлімінен ала аласыздар.
Сіздерге сәттілік, өз күштеріңізге сенімділік және жарқын жеңістер тілейміз!